Көпшілікке мәлім болғанындай, биыл жыл басында қаладағы 200-ден астам мектеп Kundelik.kz платформасынан жаңа BilimClass жүйесіне көше бастады. Бұл жағдай ата-аналар мен педагогтердің алаңдаушылығын туғызғаны белгілі. Платформа ата-аналар мен мұғалімдерге ресми хабарлама берілместен ауыстырылған. Салдары дербес деректердің сақталуы, заңнамаға сәйкестік және білім беру үрдісінің сенімсіздігіне ұласты.
Осы жайтқа қатысты қалалық білім басқармасы жауап беріп, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде оқушылардың жеке деректерінің таралғаны жалған екені, мәліметтердің шындықпен жанаспайтындығы туралы айтты.
Баспасөз мәслихатында Мұхтар Ілиясов оқушылар деректерінің таралуы жалған ақпарат екенін растады. Айтуынша, платформада пайдаланылатын барлық деректер Астанада дата орталықта орналасқан. Трансшекаралық деректердің таралуы мүмкін емес. Яғни, мектеп оқушыларының жеке деректері толығымен ел аумағында сақталады. Ресейлік әзірлеушілер мен құрылтайшылар үшін қолжетімсіз. Мұнымен қоса Kundelik.kz платформасы Ресейде қолданылатын нұсқадан айтарлықтай ерекшеленеді. Интернетке қосылу, басқа да функциялар бойынша бір шлюз арқылы жұмыс істейтін компания үш-алты ай сайын тексерістен өтіп отырады.
«Kundelik» жүйесіне тіркелген оқушылардың деректері расымен тарап кетті ме?
Мұхтар Ілиясов сонымен қатар аталған платформа қолданысқа енбестен бұрын екі жылға жуық тексеруден, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік процедураларынан өткендігін атап өтті. Алаңдатып отырған жағдай платформа өкілдері, қала білім басқармасы тарапынан ресми сұраныстар мен түсіндірмелердің болмағандығымен байланысты. Біздің ойымызша, бұл мүлдем заңсыз, себебі Алматы қаласының Білім басқармасы мен баламалы жүйе арасында заңды күшіне енетін құжаттар жоқ.
Кәсіпкер желтоқсанның 17-сі күні Алматы қалалық білім басқармасының басшылығымен сөйлескен. Кездесуде шешімін табу қажетті мәселелер айтылып, оң нәтижемен аяқталған. Ал әзірге білім басқармасы диалогқа шықпаған.
Қостанай облысындағы мектептер «Kundelik» жүйесінен бас тартты
Мұхтар Ілиясовтың айтуынша, Kundelik.kz компаниясымен жасалған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісімі 2030 жылға дейін созылып, 16 облыстағы 5190 мемлекеттік мектепті қамтуы тиіс еді. Қазіргі кезде компания тоғыз аймақта – үш мегаполис пен алты облыста жұмыс істеп жатыр. Компания басшысы функционалдығы жақсы жолға қойылған екі электронды күнделік платформасының қатар жұмыс істеуіне қарсы емес. Бірақ барлық іс-әрекеттердің заң аясында, құқықтық құжаттар негізінде іске асқаны қажет.
АЛМАТЫ