Фото: gov.kz
Қарасай ауданының білім бөлімі берген мәліметке сәйкес, оқиға 21 қаңтар күні таңертең болған. Бірінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде 9 «Г» сыныбы оқушысының жағдайы күрт нашарлаған. Мектеп әкімшілігі дереу жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырған.
«Жедел медициналық жәрдем бригадасы көрсеткен реанимациялық және медициналық көмекке қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмай, ол оқиға орнында қайтыс болды. Бұл оқушының отбасы, жақындары және мектеп ұжымы үшін ауыр қайғы», деп хабарлады Қарасай ауданының білім бөлімі.
Ведомствоның мәліметінше, жедел жәрдем келген сәтте мектепте жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау құрылымдарының, білім бөлімінің өкілдері, сондай-ақ психологиялық қолдау мамандары болған.
Шымкентте дене шынықтыру сабағында оқушы қайтыс болды
«Қазіргі уақытта осы дерек бойынша уәкілетті органдар тексеру және тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Марқұмның мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысы бойынша қосымша ақпарат беріледі», деп толықтырды білім бөлімі.