Фото Depositphotos.com
Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Ертіс орманы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғалары Успенка және Поднебесное елді мекендерінің жайылымдық алқаптарына заңсыз дайындалған ағаш материалдарын орналастырған.
«Аталған жер учаскелері «Ертіс орманы» мекемесіне ресми түрде пайдалануға берілмеген. Заң бұзушылыққа жол берген 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Сонымен қатар Новошульба филиалына қарасты Успенка орманшылығы аумағында «қарағай» тұқымдас 92 ағаш заңсыз кесілгені анықталды. Заңсыз кесу аумағы 96,7 шаршы метрді құраған. Келтірілген материалдық залал көлемі 760 мың теңгеден асады», делінген прокуратура таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.