Фото: Ашық дереккөз
Өскемен қаласының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау аясында «Балалар стоматологиялық емханасы» ШЖҚ-дағы МКК қызметінен еңбек заңнамасының бұзылуын анықтады.
Медициналық мекеме басшылығы еңбекақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған. Салдарынан 53 қызметкер екі айдан астам уақыт бойы жалақысын ала алмаған.
Бас прокуратура Шымкентте көз жұмған сарбаз туралы пікір білдірді
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша берешек түзілгені анықталып, медицина қызметкерлерінің заңды құқықтары қалпына келтірілді. Нәтижесінде 17,5 млн теңгеден астам сомадағы жалақы қарызы толық көлемде өтелді.
Еңбек заңнамасының сақталуы мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында 1 700-ден астам мұғалімнің жалақы қарызы толық өтелгені туралы жазған болатынбыз.