Фото Depositphotos.com
Банкоматтардағы камералар қауіпсіздік мақсатында орнатылған. Камералар алаяқтық пен ұрлықтың алдын алуға көмектеседі.
«Олар алаяқтық пен ұрлықтың алдын алуға көмектеседі, сондай-ақ оқиғаларды тергеу барысында клиенттердің және ықтимал қаскүнемдердің әрекеттерін тіркеу үшін қолданылуы мүмкін. Бейнежазбаларды сақтау даулы жағдайлар немесе құқықбұзушылықтар кезінде дәлел ретінде қызмет етеді, сонымен қатар банктердің клиенттерін де, қаржы ұйымдарының өзін де түрлі қауіп-қатерден қорғауға мүмкіндік береді», делінген хабарламада.
Бұл талаптар 2016 жылдан бері қолданылып келеді. Оған сәйкес банкоматтарда карта ұстаушының бет-жүзін тіркейтін кемінде 1 камера орнатылуы тиіс. Ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап банктер бейнежазбаларды кемінде 180 күнтізбелік күн сақтау міндетіне ие болды.
Орталықтың мәліметінше, қолма-қол ақша шешу жиілігі мен сомасына қарамастан, банкомат арқылы ақша алатын азаматтарды қосымша тіркеуге қатысты заңнамада өзге талаптар қарастырылмаған.