Футбол • 19 Қаңтар, 2026

Футбол комментаторы «Ордабасы» клубы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы футбол комментаторы Ермұхамед Мәулен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім қылды. Ол аталған клубқа қызметке келгенін айтып, құттықтап жатқан барлығына рахметін жеткізген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футбол комментаторы «Ордабасы» клубы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

Фото: kff.kz

Ол өзінің мақсаты туралы да айтып өтті.

«Мұндағы мақсатым клубқа инвестиция тарту, демеуші іздеу, баспасөзбен жұмыс және имидж қалыптастыру. Командаға футболшы тарту, оның көрсетіп жатқан нәтижесі – мен жауап беретін сала емес. Онда өзінің арнайы адамдары бар. Әлбетте, бәріміз бір клуб болған соң команданың жарқырап өнер көрсеткенін қалаймыз. Алайда, әркім өз бөліміне жауап беруі тиіс. Айтайын дегенім осы. Мен селекцияға, командаға алынып жатқан футболшыларға жауап бермеймін.

Үйлесімді жұмыс істеп, бір отбасыдай болсақ алынбас қамал болмайды!», деп жазды Ермұхамед Мәулен.

«Ертіс» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Ермұхамед Мәулен осыған дейін Қазақстан футбол федерациясының Қоғаммен байланыс және комуникациялар департаментінің директоры, ҚФФ президенті кеңесшісі және Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған.

«Астана» футбол клубы жаңа маусымға дайындықты бастады

Соңғы жаңалықтар