Президент • 19 Қаңтар, 2026

Депутаттар азаматтардың саяси реформаға қызығушылық танытып отырғанын айтты

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысында Парламент Мәжілісіндегі «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев және «Ақ жол» партиясының көшбасшысы Азат Перуашев, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» фракциясының басшысы Асхат Рахымжанов парламенттік реформа аясында жүзеге асырылатын конституциялық өзгерістердің ауқымды екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутаттар азаматтардың саяси реформаға қызығушылық танытып отырғанын айтты

Фото: Ақорда

Олар өңірлерде Парламент депутаттарының жұмыс кездесулері барысында азаматтардың алдағы саяси реформаға айрықша қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.

Тоқаев: Конституцияның бірден бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады

Сондай-ақ жиында Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров, Парламент Мәжілісінің депутаттары Үнзила Шапақ, Марат Бәшімов, Никита Шаталов, саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов пікірлерін білдірді.

Конституциялық реформа: 1,6 мыңнан астам ұсыныс түсті

Соңғы жаңалықтар