Фото: pixabay.com
Қалалық полиция мәліметінше, ата-аналар мен оқушылардың үрейленуіне негіз жоқ.
«Ақпарат шындыққа жанаспайды. Білім беру мекемелеріндегі жағдай бақылауға алынған. Полиция және басқа да төтенше жағдайлар қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп, балалар мен мұғалімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бқажетті шараларды қабылдап жатыр. Балалардың қауіпсіздігіне қатысты жалған ақпарат тарату ауыр қылмыс саналады және кінәлі қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жалған хабарламаларды таратпауды сұраймыз», делінген полиция таратқан хабарламада.
Сондай-ақ құқық қорғау органдары хабарлама авторын анықтауға кіріскен.

Айта кетейік, Алматы полициясы бүгін әйелдің қол-аяғын байлап 30 млн теңгесін қолды қылған қарақшыларды ұстады.