Қоғам • 16 Қаңтар, 2026

Қазақстанның тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы өмірден өтті

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасиетті миғраж түнінің жұмаға қараған таңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алғашқы мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы бақилық болды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанның тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы өмірден өтті

Рәтбек қажы 1940 жылдың қарашасында Түркістан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келді. ҚазПИ-дің тарих факультетін бітірді. 1964 жылы Бұхарадағы «Мир-Араб» медресесін және Бұхара педагогикалық институтын тәмамдады. 1969-1975 жылдары Ливия университетінің Шариғат жəне құқық факультетінде оқып, жоғары діни білім алды.

Дін бағытындағы ЖИ: Елімізде «Imam AI» мобильді қосымшасы іске қосылатын болды

Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1979 жылдан бастап Қазақстанның қазиі болды. 1990 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш құрылтайын өткізіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын құрды. Басқарманың тұңғыш төрағасы, Бас мүфти болды. Рәтбек қажы 2000 жылға дейін Діни басқарманы басқарды. Өмірінің кейінгі жылдарында Есік қаласындағы орталық мешіттің бас имамы қызметін атқарды.

Еске салайық, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылға арналған діни мерекелер кестесін жариялады.

Соңғы жаңалықтар