Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар
Тексеру барысында грант қаражатын тиімсіз пайдалану, жобалардың қайталануы, мемлекеттік мүліктің бүлінуі, сондай-ақ мәлімделген бастамалардың толық іске асырылмауы сынды бірнеше факті анықталды.
Атап айтқанда, бір жауапкершілігі шектеулі серіктестік 295 млн теңге көлеміндегі грант қаржысын тиімсіз пайдаланған. Аталған қаражат зауыт салу және өнім өндіру мақсатында бөлінгенімен, ол бастапқы мақсатына сай жұмсалмаған. Қазір бұл қаражатты сот тәртібімен мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр.
Тағы бір жағдайда ғылыми орталықтың лауазымды тұлғалары ғылыми зерттеулер аясында өндірілген 850 тоннадан астам тұқымдық астықты полигонға шығарып тастаған. Салдарынан мемлекетке 100 млн теңгеден астам залал келтірілген. Аталған фактіге байданысты салғырттық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген.
Тексеру нәтижесінде мемлекеттік қаржыландырудың бөлінгеніне қарамастан, бекітілген жоспарларға сәйкес іске асырылмаған 13 ғылыми жоба анықталды.
Күніне 150 жалған пациент: Елордалық клиника басшысы қор қаржысын қалай жымқырған?
Облыс прокуратурасы аталған бағыттағы тексеру жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.
Бұған дейін Астанада жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жылдар бойы қаржы жымқырып келгенін хабарлағанбыз.
Сондай-ақ Абай облысында мектеп директоры «Даму бала» арқылы қаржы жымқырғаны анықталды.