Оқиға • 15 Қаңтар, 2026

Күніне 150 жалған пациент: Елордалық клиника басшысы қор қаржысын қалай жымқырған?

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен екі жекеменшік клиниканың басшысына қатысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Күдікті медициналық қызмет алмаған адамдарды жүйеге жалған тіркеу арқылы ірі көлемде мемлекет қаржысын иемденген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күніне 150 жалған пациент: Елордалық клиника басшысы қор қаржысын қалай жымқырған?

Фото: istockphoto.com

2022 жылы қор мен аталған клиникалар арасында жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсету туралы шарттар жасалған. Бұл келісімдердің ішінде жылжымалы медициналық пойыз қызметтері де болған.

«Жобаны іске асыру басталғаннан кейін клиникалар басшысы алаяқтық схема ұйымдастырып, медициналық көмекті іс жүзінде алмаған пациенттер туралы ақпараттық жүйеге көрінеу жалған мәліметтер енгізген. Атап айтқанда, жалған диагноздар мен көрсетілмеген қызметтер тіркелген. Күн сайын жалған түрде тіркелетін пациенттер саны 90-нан 150 адамға дейін жеткен», делінген хабарламада.

Осы заңсыз әрекеттердің нәтижесінде клиникалар іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін қордан 682 млн теңге алған. 2024 жылдың қаңтарында бұл қаржының 364 млн теңгесі клиника басшысы мен оның жұбайының жеке есепшоттарына аударылған.

Астанада жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жылдар бойы қаржы жымқырған

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынған. Сот санкциясымен оның Испаниядағы қала сыртындағы үйіне, Астанадағы пәтеріне және автокөлігіне тыйым салынды. Тергеп-тексеру шаралары жалғасып жатыр.

Астанада банк қызметкері клиенттің шотынан 34 млн теңгесін жымқырған

Соңғы жаңалықтар