Халықаралық кітап көрмесіне келушілер саны көп, қатысушылардың айтуынша, қазақ әдебиетіне, әсіресе жас оқырмандар тарапынан қызығушылық айрықша байқалады. Көрме аясында Мұхтар Әуезов, Әбіш Кекілбаев, Сайын Мұратбеков, Дулат Исабеков секілді көрнекті жазушылардың шығармаларын қоса алғанда, шамамен 20 кітап таныстырылды.
Сонымен қатар Абай Құнанбайұлының қара сөздері хинди тіліне аударылып, үнді оқырмандарына жол тартты. Бұл бастама арқылы үнді жұртшылығы қазақ халқының рухани әлемі мен өмір салтын әдебиет арқылы тереңірек танып-білуге мүмкіндік алды.