Аймақтар • 12 Қаңтар, 2026

Түркістан облысында 469 құрылыс нысанында заң бұзушылықтар анықталды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы аумағындағы 469 құрылыс нысанында заң бұзушылықтар анықталып, құрылыс салушыларға 325 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында 469 құрылыс нысанында заң бұзушылықтар анықталды

Заңсыз салынған 40 нысанды мәжбүрлеп бұздыру жөнінде сотқа талап-арыз жолданып, оның 5-еуіне қатысты бұзу туралы сот шешімі шықты. Сонымен қатар түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 16 нысан құрылыс иелерінің өз қаражаты есебінен бұзылды. Жалпы облыс бойынша 1722 нысанның құрылысы мемлекеттік бақылауға алынған.

Құрылыс заңсыз, компания қамсыз

Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тарту Байтұрсыновтың мәліметінше, өткен жылы бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан 100 құрылыс нысанында заң бұзушылықтар анықталып, 121 құрылыс субъектісіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданған. Нәтижесінде 103 миллион теңге айыппұл салынып, бірқатар құрылыс компанияларының лицензиялары бойынша жекелеген жұмыс түрлері тоқтатылды.

LRT құрылысына бюджеттен 300 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстауда Бозжыраға апаратын автожолдың құрылысы басталғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар