Аймақтар • 12 Қаңтар, 2026

Шығыс Қазақстанда полицейлер күрежолда әйелді құтқарып қалды

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен – Самар тасжолының 63-ші шақырымында қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция жасағы жол жиегінде тоқтап тұрған автокөлікті байқаған. Мән-жайды анықтау барысында көлік ішінде 60 жастағы әйелдің денсаулығы сыр бергені мәлім болған, деп жазады Egemen.kz.

Шығыс Қазақстанда полицейлер күрежолда әйелді құтқарып қалды

Фото: видеодан алынған скрин

Полиция мәліметінше, әйелдің кенеттен тынысы тарылып, жағдайы күрт нашарлаған. Жолаушының денсаулығына төнген қауіпті сезген полицейлер әйелді Асубұлақ ауылына дейін апарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырған.

Осылайша, тәртіп сақшылары Аслан Тлеубаев пен Дастан Дәуренұлының жедел әрекетінің арқасында 60 жастағы әйел дер кезінде медициналық көмек алып, аман қалған.

Полицейлер өрт шыққан үйден үш баланы құтқарды

Бұған дейін ТЖМ мамандары жол жиегіндегі орға құлап кеткен жүргізушіні құтқарып қалғанын хабарлағанбыз. 

Сондай-ақ Алматы полицейлері суицид жасамақ болған ер адамды аман алып қалған еді. 

 

Соңғы жаңалықтар