Қоғам • 09 Қаңтар, 2026

Неліктен таңертең кофе ішуге болмайды: Кардиолог түсініктеме берді

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Калифорния университетінің (Сан-Франциско) кардиологы әрі медицина профессоры Грегори Маркус ұйқыдан тұра сала кофе ішудің ағзаға зияны туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.

Неліктен таңертең кофе ішуге болмайды: Кардиолог түсініктеме берді

Фото: Depositphotos

Mentoday мәліметінше, FDA (АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы) ресми ұсынымына сәйкес, ересектер үшін тәулігіне кофеиннің мөлшері 400 миллиграммнан (яғни 4 орташа шыны кофе) аспауы керек. Ал сергектік сезімі небәрі 150 миллиграмм кофеиннен-ақ пайда болады. Оның әсері алғашқы жұтымнан кейін шамамен 5 минутта сезіледі, ал өнімділік келесі 2 сағат ішінде ең жоғары деңгейге жетеді (бұл көбіне соңғы рет қашан тамақтанғаныңызға байланысты). Ал кофеиннің шамадан тыс мөлшері аденозин мен мелатонин гормондарының рецепторларының қалыпты жұмысын бөгеп, ұйқының бұзылуына әкеледі.

Кардиолог Грегори Маркус кофеиннің ұйқыға әсері ағзаның оны қаншалықты тез ыдырата алатынына байланысты деп есептейді. Сарапшының айтуынша, метаболизм жылдамдығын анықтайтын генетикалық айырмашылықтар бар. Кейбір адамдар ұйықтардан бір сағат бұрын эспрессо ішіп, тез ұйықтап кетсе, енді біреулер түні бойы дөңбекшіп шығады. Алғашқылары жоғары метаболизм иелері саналады (кофеин ұйқыға әсер етпейді), ал екіншілерінде метаболизм баяу – зерттеулер барысында бұл топта ұйқы уақытының қысқарғаны байқалған.

Жүйкеге қосымша салмақ

Мәселе мынада: ағзадағы негізгі стресс гормоны – кортизол – ояну кезінде ең жоғары деңгейге жетеді. Тым ерте тұру стресс деңгейін одан әрі арттырады, ал таң атпай ішілген бір шыны кофе жүйке жүйесіне қосымша салмақ түсіреді. Сондықтан мамандар алғашқы кофені оянғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң ішуге кеңес береді.

Кофе жасартады

Сондай-ақ кофемен толыққанды таңғы асты алмастыруға болмайды. Бұл жағдайда қандағы қант деңгейі көтеріледі, бірақ ағзаның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті қоректік заттар алынбайды.

Ең пайдалы кофені қалай таңдау керек?

Annals of Internal Medicine журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, қаттырақ қуырылған кофе дәндері жасқа байланысты өзгерістердің алдын алуда пайдалырақ. Себебі қуыру кезінде фенилиндан деп аталатын химиялық заттар бөлінеді, олар Паркинсон мен Альцгеймер ауруларының даму қаупін арттыратын ақуыз бөлшектерінің қосылуына кедергі келтіреді. Алайда қатты қуырылған кофені таңдау – өмірді ұзартып, мықты денсаулықты қамтамасыз ететін жалғыз әдет емес.

Ғалымдар кофе қалдығынан энергия алынатынын дәлелдеді

Соңғы жаңалықтар