Үкімет • 08 Қаңтар, 2026

Қайтарылған активтер: СҚО-дағы аурухананы жөндеуге 1,3 млрд теңге бөлінді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Үкімет медициналық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соның ішінде елге қайтарылған активтер есебінен жүзеге асып жатқан жобалар да бар. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша көпсалалы ауданаралық ауруханасын күрделі жөндеуді аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайтарылған активтер: СҚО-дағы аурухананы жөндеуге 1,3 млрд теңге бөлінді

Фото: pinterest.com

Қазіргі уақытта техникалық базаны және инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның шеңберінде зерттеулерді тікелей аудан орталығында жүргізу үшін МРТ аппаратына және заманауи клиникалық-диагностикалық зертханаға арналған мамандандырылған үй-жайлар ашу қарастырылып отыр.

Сонымен қатар халықаралық триаж жүйесі бойынша қабылдау бөлмесі ұйымдастырылмақ. Жобаға сәйкес онда персоналдың жедел мониторинг жүргізу үшін кедергісіз кіру мүмкіндігі бар реанимациялық төсектер орналастырылады. Бұл медициналық араласудың жеделдігін және медициналық қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Павлодар әуежайы қайтарылған активтер есебінен жаңартылады

Жалпы алғанда, жобаны жүзеге асыру нәтижесінде медициналық мекеме шұғыл және жоспарлы көмек көрсетудің заманауи стандарттарына сәйкес келтіріледі.

Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, Арнаулы мемлекеттік қордан 400-ден астам әлеуметтік және коммуналдық нысандарға, оның ішінде 183 медициналық мекемеге қатысты жобаларды жүзеге асыруға 482 млрд теңге бөлінген. Бірқатар жоба «Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту» бағдарламасы шеңберінде қамтылған. Мәселен, алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарын, көпсалалы ауруханаларды, мамандандырылған медициналық орталықтарды, шұғыл медициналық көмек инфрақұрылымдарын салу және жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қайтарылған активтер: Дубайдағы виллалар мен «Думан» қонақ үйі сатылды

Соңғы жаңалықтар