фото: Getty Images
Мэриленд штатынан сайланған Делэйни президенттің өкілетінен асып, билік тармақтарының тепе-теңдігін бұзуына қарап отыра алмайтынын айтты.
Оның айтуынша, Трамп Конгресс мақұлдамаған әрекетке барған. Бұл – АҚШ Конституциясының талаптарын бұзу. Сонымен қатар, ол Венесуэла президенті Николас Мадуроны орнынан кетіргеннен кейін бұл елді өзі басқаруға ниетті екенін білдірген.
Импичмент туралы айта келе, Делэйни бұл бастама конституциялық тәртіп пен заң шығарушы биліктің рөлін қорғауға бағытталғанын атап өтті.
Трамп әкімшілігі Венесуэладағы операцияны бас қолбасшы ретіндегі өкілеттігі аясында жүргізілген шара деп атады. Олар бұл әрекетті ордер негізінде жүзеге асқан операция ретінде сипаттады.
Венесуэлада президент резиденциясының маңында атыс болды
АҚШ Конгресіндегі демократтар Ақ үйдің бұл әрекетін қатаң сынға алды, себебі Конгресс тарапынан алдын ала хабарлау және рұқсат алынбаған.
Сенбіге қараған түні Каракаста бірнеше жарылыс болды. Президент Дональд Трамптың айтуынша, АҚШ Венесуэла астанасына ірі соққылар жасап, президент Николас Мадуро мен оның жұбайын тұтқындап, елден шығарған. Болжам бойынша, олар алдымен Гуантанамо әскери базасына, кейін Нью-Йоркке жеткізіліп, Бруклиндегі тергеу изоляторына қамалып, кейін сотқа тартылды. Мадуроға бірнеше ауыр айып тағылды.
Венесуэла көшбасшысы бүгін сотқа тартылады
Каракас билігі АҚШ-тың шабуылдағы басты мақсаты — Венесуэланың мұнай мен минерал ресурстарын бақылауға алу деп мәлімдеді. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш АҚШ операция барысында халықаралық құқық нормаларын бұзғанын айтты.