Алматы • 24 Желтоқсан, 2025

Алматыда үлкен айналма метро желісі мен LRT іске қосылуы мүмкін

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының бас жоспарында мегаполис аумағын және оған іргелес елді мекендерді қамтитын үлкен айналма метро желісін салу, сондай-ақ жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесін іске қосу қарастырылып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда үлкен айналма метро желісі мен LRT іске қосылуы мүмкін

Бұл туралы қоғамдық тыңдаулар барысында «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институтының басшысы Асхат Садуов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қолданыстағы «қызыл» метро желісін ұзарту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, «Қалқаман» станциясын ашып, одан әрі «Барлық» базарына дейін тағы үш станция салу көзделген.

Сондай-ақ «жасыл» метро желісін болашақта Алатау қаласымен байланыстыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл қала маңында тұратын тұрғындарға қоғамдық көлікке ыңғайлы ауысуға жол ашады.

Бұдан бөлек, жолаушылар ағынын теңестіру және қаланың полицентрлік дамуын қамтамасыз ету мақсатында желіні «Қазақфильм» ауданына дейін ұзарту нұсқасы да талқылануда. Жоспарда әуежай аумағында метро станциясын салу мүмкіндігі де бар.

Алматыда LRT жобасын іске қосу мәселесі де бас жоспар аясында қарастырылған. Асхат Садуовтың мәліметінше, «Барлық» станциясынан бастап бұрын Төле би көшесімен өткен трамвай дәлізін қайта жандандыру жоспарланып отыр. LRT желісі Бауыржан Момышұлы көшесі арқылы депоға дейін жетіп, «қызғылт сары» бағыт «Қазақфильмге» дейін созылады. Сонымен қатар Жароков көшесі арқылы Төле би және Абай даңғылдарымен байланыс орнату көзделген.

Институт басшысы жақын уақытта LRT-ның алғашқы желісі бойынша техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірлеу жоспарланып отырғанын айтты.

Жоспарланған жобалар Алматыдағы көлік жүктемесін азайтып, қала мен қала маңындағы аудандар арасындағы қатынасты жақсартуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35