Заң • 03 Маусым, 2025

Шерзат Полат ісі бойынша үкім шығатын күн белгілі болды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі сот процесінде төрағалық етуші судья  Ержан Жанұзақов үкім 5 - маусым, сағат 16: 00-де жарияланатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Шерзат Полат ісі бойынша үкім шығатын күн белгілі болды

Фото: Жоғарғы сот

Шезат ісі бойынша соңғы сот отырысы 5-маусым күні өтеді. 

Іс бойынша 9 адам айыпталып отыр. Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай Шерзат Полат өліміне күдіктілерге:

  • Абзал Шынасылға – 23 жыл;
  • Равиль Сакиевке – 20 жыл;
  • Шыңғыс Белғожаевқа – 7 жыл;
  • Дархан Аскентайға – 7 жыл;
  • Нұрқияс Ілиясовқа – 9 жыл;
  • Нұрбол Тоқтаубаевқа – 7 жыл;
  • Азамат Тоқтаубаевқа – 15 жыл;
  • Дидар Қалиахметке – 7 жыл;
  • Дидар Ысқаққа (кәмелетке толмаған) – 1 жыл 6 ай жаза тағайындауды сұраған еді. 

Айта кетейік, 2024 жылдың 4 қазанында Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тауып, кейіннен отбасының үйі өртеніп кеткен еді. Ал бірнеше айдан соң Шерзаттың ағасы көз жұмған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38