Хоккей • 19 Сәуір, 2023

Францияны ірі есеппен жеңді

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден әлем чемпио­натына дайындалып жатқан Еліміздің жасөспірімдер құра­масы маңызды бәсеке алдында жарыс қо­­жайындары – Франция хоккей­ші­лерімен шеберлік байқасып, ірі есеппен жеңіске жетті.

Францияны ірі есеппен жеңді

Жасөспірімдер арасындағы шайбалы хоккейден А дивизионының әлем чемпио­наты 24-29 сәуір күндері Францияның Анже қаласында ұйымдастырылады. Сергей Старыгин жетекшілік ететін Қазақстан құра­масы жаһандық доданың алдында Фран­циямен жолдастық матч өткізіп, 7:2 есебімен басым түсті.

Бұл матчта жерлестерімізден бірінші кезеңде – Дәулет Нүркенов, Егор Левковец (дубль), екінші кезеңде – Никита Ситников (дубль), Роман Большедворский, үшінші кезеңде Кирилл Канкин мергендігімен көзге түсті. Еліміздің жасөспірімдер құра­масы Франциядағы әлем чемпионатында Мажарстан (23 сәуір), Жапония (24 сәуір), Дания (26 сәуір), Украина (27 сәуір) және Франция (29 сәуір) хоккейшілерімен кездеседі.

 

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58