Аймақтар • 05 Қараша, 2021

Көкшетауда жатақхана өртенді

482 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 5 қараша күні сағат 16:47-де «101» пультіне Көкшетау қаласындағы Назарбаев даңғылы бойында орналасқан 5 қабатты жатақхана бөлмелерінің бірінде өрт шыққаны туралы телефон хабарламасы түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетауда жатақхана өртенді

«Оқиға орнына келгеннен кейін жалпы ауданы 8 шаршы метр бөлме жанып жатқаны анықталған. Өрт 16:57-де ауыздықталып, 17:02-де сөндірілген. ТЖД күшімен баспалдақ маршы бойынша 10 адам құтқарылды, оның ішінде екі бала бар. 25 адам өзін-өзі эвакуациялады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталуда, өрт-техникалық зерттеу тағайындалды», делінген ресми хабарламады.

Шақырту орнына ТЖД-нің 19 қызметкері мен бес техникасы келген.

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07

Көктем шуағын еселеген саябақ

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Әмбебап медиаменеджер

Руханият • Бүгін, 08:53

Әдеби сынның бәсі қандай?

Әдебиет • Бүгін, 08:50