Оқиға • 02 Қазан, 2021

Елордадағы «Астықжан» сауда орталығы өртеніп жатыр

530 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы «Астықжан» сауда орталығының жиһаз салонынан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордадағы «Астықжан» сауда орталығы өртеніп жатыр

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Алдын ала ақпарат бойынша бүгін сағат 09: 42-де Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Әл-фараби даңғылы, 28 мекен-жайы бойынша өрт туралы келіп түскен хабарламаға шұғыл аттанған.

«Өрт сөндірушілер шақыру орнына 6 минуттың ішінде келді. Олар жеткенде «Астықжан» сауда орталығының 3-қабаттындағы жиһаз салоны жанып жатқан. Алдын ала ақпарат бойынша зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір елордалық 76 өрт сөндіруші мен 19 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды», деп жазылған департаменттің дерегінде.

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07

Көктем шуағын еселеген саябақ

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Әмбебап медиаменеджер

Руханият • Бүгін, 08:53

Әдеби сынның бәсі қандай?

Әдебиет • Бүгін, 08:50