Ұйғырлар шағын және орта кәсіпкерлікте, мемлекеттік органдарда жұмыс істеулері арқылы еліміздің бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына енуіне, экономикасының нығаюына белсенді қатысып келеді. Қазақстан Жазушылар одағында 40 ұйғыр жазушысы болса, Сазгерлер одағы мен Суретшілер одағында да көптеген өкілдері мүшелікте. Бұдан басқа теле және радио арналарда ұйғыр тілінде көптеген хабарлар таратылып, “Уйғыр айвази” республикалық газеті шығады, әлемдегі жалғыз ұйғыр театры Алматыда, 60 мектепте ұйғыр тілінде сабақ жүргізіледі. Ұйғырлар арасынан көптеген Қазақстанның еңбек сіңірген және халық әртістері, ғылым докторлары, профессорлар, кандидаттар шыққан, әр түрлі медальдар мен ордендерге ие болғандары да бар.
Алматы қаласы мәслихатының депутаты, белгілі өндіріс майталманы Ахметжан Шардинов басшылығымен Ұйғырлардың республикалық орталығы көптеген шетін мәселелерге дер кезінде араласып, туындаған проблемаларды табан астында шешіп келеді. Ахметжан Бакримұлы этносаралық бейбіт өмір мен келісімді нығайтуда өңірлік филиалдарда ұйғырлардың қоғамдық өмірінің локомотивіне айналды. Әрине, мұның барлығы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының нәтижесінде мүмкін болып отырған мәселелер. Президентіміз өзінің сөздерінде бейбітшілік пен келісімді ортақ үйімізде сақтау бәріміздің жеңісіміз және оны нығайта беру әр қазақстандықтың міндеті дегенді жиі айтады. Бұл Ұйғырлардың республикалық орталығының ғана емес, баршамыздың ұстанған басты міндетіміз болып отыр.
Біз бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының посткеңестік кеңістікте ғана емес, жалпы әлемдік қоғамдастықта баламасы жоқ ерекше орган екендігін атап көрсетуіміз керек. Бұл этносаралық толерант-тылық моделі және бәріміз оны мақтан тұтамыз.
Мұрат АХМАДИЕВ, ҚХА-дан сайланған Мәжіліс депутаты.
Суретте: Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттардың бір тобы.

Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысты
Спорт • Бүгін, 01:41
Алина Чистякова Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлады
Жеңіл атлетика • Бүгін, 00:55
Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды
Спорт • Бүгін, 00:25
Руслан Курбанов семсерлесуден Германиядағы әлем кубогінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 00:13
Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды
Спорт • Кеше
Алматыда жасырылған есірткі зертханасы әшкереленді
Есірткі • Кеше
Мықты теңге экономиканы неге қолдамайды?
Экономика • Кеше
Атырау облысында бұзақылық дерегімен 121 адамға сот үкімі шықты
Аймақтар • Кеше