Спорт • 29 Сәуір, 2021

Қазақстандық балуандар Бакуде шеберлігін шыңдауда

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасы Бакуде (Әзірбайжан) оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық балуандар Бакуде шеберлігін шыңдауда

Бірлескен оқу-жаттығу жиыны 25 сәуір күні басталған. Аталған жиын әлемдік іріктеу кезеңіне дайындық болып саналады.

5 мамырға дейін жалғасатын жаттығу жиынына Қазақстан сапынан барлығы он спортшы шақырту алған.

Олар: 

  1. Нұрислам Санаев
  2. Адлан Асқаров
  3. Сырбаз Данияр
  4. Данияр Қайсанов
  5. Нұрқожа Қайпанов 
  6. Әлішер Ерғали 
  7. Серік Бақытханов
  8. Юсуп Батырмурзаев 
  9. Олег Болтин 
  10. Азамат Дәулетбеков
Соңғы жаңалықтар