Іс-шара барысында сенаторлар экономиканың ең көп зардап шеккен секторлары үшін бөлшек салық енгізу, салық пен төлем көлемін азайту, сондай-ақ экономиканы әртараптандыру және бюджетті толықтыру үшін салық мөлшерлемесін дифференциациялау мәселесін қарады.
«Біздің алдымызда кәсіпкерлер, жұмыс берушілер және барша азаматтар үшін салық міндеттемелерін жеңілдету, сондай-ақ салықты әкімшілендіруді оңтайландыру міндеті тұр. Осыған орай сенаторлар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Салық кодексіне енгізілген түзетулерді қабылдады. Соның нәтижесінде жаңа салық режімі – «бөлшек салық» енгізілді. Бұл салық карантиндік шаралардан зардап шеккен шағын және орта бизнес үшін 3 пайызды құрайды. Сонымен қатар кәсіпкерлер үшін салық жүктемесін төмендетуге қатысты заңнамалық жұмыстар жалғаса береді», деді комитет жиынында О.Перепечина.