Оқиға • Бүгін, 09:27

Павлодарда жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда полицейлер жаңа туған сәбиді сатудың алдын алды. Анасы үш күндік қызын 800 мың теңгеге бағалаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, Түркістан облысының 23 жастағы тұрғыны жүктіліктің соңғы кезеңінде әлеуметтік желілер арқылы сатып алушыларды іздеген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері оны анықтап, қылмыстық ниетін құжаттап, бақылау арқылы ұстаған. Әйел босанғаннан кейін үш күндік нәрестені ақшаға беруге әрекет жасаған сәтте қылмыс үстінде қолға түсті.

Полицияның жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында бала үшін ауыр әрі қайтымсыз салдардың алдын алу мүмкін болды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңа туған қыз дәрігерлердің бақылауында, оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Соңғы құқықтық баға заң талаптарына сәйкес беріледі.

Екібастұзда туғанына 19 күн ғана толған сәби анасынан ажыратылды

Павлодар облысы Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахмановтың айтуынша, Қазақстанда адам саудасына, әсіресе балаларға қатысты кез келген әрекеттер қатаң түрде тоқтатылады.

Сәби өлімі бойынша әлемдік рейтинг жарияланды: Қазақстанның көрсеткіші қандай?

Соңғы жаңалықтар