Қоғам • 26 Желтоқсан, 2020

Қазақстанның тағы үш облысы «қызыл» аймаққа кірді

2330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірнеше өңірі коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа кірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның тағы үш облысы «қызыл» аймаққа кірді

2020 жылдың 26 желтоқсанындағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының ақпаратына сәйкес, қазір Атырау облысы «қызыл» аймақта тұр.

Сонымен қатар, бүгін «қызыл» аймаққа Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары кірді.

Коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы тұр.

Ал қалған өңірлер коронавирустың таралуы бойынша «жасыл» аймақта тұр.

Соңғы жаңалықтар