Аймақтар • 25 Тамыз, 2020

Жалағаш ауданында провизорлық стационар жабылып, соңғы 2 науқас үйіне қайтарылды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалағаш ауданына қарасты Мәдениет ауылдық округіндегі ауруханада соңғы науқас емделіп шығып, провизорлық стационар жабылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалағаш ауданында провизорлық стационар жабылып, соңғы 2 науқас үйіне қайтарылды

Індет өрши бастаған кезеңде осы ауруханадан провизорлық және КВИ стационарлар ашылып, 20 төсек орынға арналған аурухананың төсек қоры 105-ке жеткізілген еді. Дәрігерлер деңдеген дертке қарсы тұрып, күні-түні көз ілмей еңбек етіп, науқастардың өміріне араша болды.

"Соңғы уақыттың ішінде стационарға коронавирус, пневмония дертімен науқастар түскен жоқ. Бүгін мұндағы соңғы 2 науқасты шығарып, провизорлық стационарды жаптық. Енді дезинфекция жүргізіліп, аурухана халыққа қалыпты жағдайда қызмет көрсететін болады", – дейді провизор бөлімінің дәрігер меңгерушісі Әзизбек Жәмкеев.

Дәрігерлер провизорлық стационарда ем алып, үйіне асыққан соңғы 2 науқасты құрмет көрсетіп шығарып салды. Науқасынан айыққан азаматтар дәрігерлерге алғысын жеткізді.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42