Қазақстан • 01 Сәуір, 2020

Дәурен Абаев коронавирустан көз жұмған азаматтың жақындарына көңіл айтты

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қарағанды қаласында коронавирустан көз жұмған азаматтың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Дәурен Абаев коронавирустан көз жұмған азаматтың жақындарына көңіл айтты

«Бүгін Қарағанды қаласында 62 жасар азамат коронавирустан көз жұмды. Осыған байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтамын. Болған іске сабыр етіңіздер. Кеше ел Президенті халыққа үндеу жолдады. Өз үндеуінде дағдарысқа қарсы шаралардың екінші пакетімен таныстырды. Бұл шаралар бұқаралық ақпарт құралдарында кең көлемде жариялануда. Сонымен бірге, Үкімет Президент тапсырмасын жүзеге асырудың жоспарын дайындап жатыр. Дайын болғанда әрбір мемлекеттік орган өзіне жүктелген тапсырмалар туралы толық мәлімет береді. Яғни мемлекеттің көмегін қалай, қай жерде және қандай тәртіппен алу керек екені нақты түсіндіріледі» деді Д.Абаев. 

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37