Сурет ашық дереккөзден алынды
1956 жылғы марапаттау рәсіміне ол үш баласының біреуін ғана ертіп барған. Сол кезде Швеция королі ғалымға әзіл-ескертпе айтып, неге барлық баласын алып келмегенін сұрайды. Сонда Бардин келесі жолы міндетті түрде үшеуін де ертіп келуге уәде береді. Арада 16 жыл өткен соң, 1972 жылы екінші Нобель сыйлығын алуға барғанда 3 баласын да ертіп барып, корольге берген уәдесін орындайды.