Кәсіпқой бокс • 28 Наурыз, 2020

Жекпе-жек: Қайрат Ахметовтің қарсыласы анықталды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ережесіз жекпе-жектен 1 мамырда Сингапурде өтуге тиіс One FC турнирінде қазақ спортшысы Қайрат Ахметовтің кіммен күш сынасатыны белгілі болды.  

Жекпе-жек: Қайрат Ахметовтің қарсыласы анықталды

Кезінде грек-рим күресінде біршама табыстарға қол жеткізіп, кейіннен ережесіз жекпе-жекті серік еткен Қайраттың жүріп өткен жолы жанкүйерлердің көз алдында. Спорттың бұл түріндегі мансабын «Алаш Прайд» клубында бастаған ол біраз белестерді бағындырды. Елімізде және шетелде өткен көптеген жарыста жасындай жарқырады. Әр жеңісінен кейін «Қара жорға» билеп, көрермендердің көзайымына айналды. Осыдан бірер жыл бұрын қандасымыздың One FC ұйымының чемпиондық белбеуін олжалағаны да есімізде. Жалпы Ахметов кәсіпқойлар арасында 21 кездесу өткізіп, 19 қарсыласын қапы қалдырды.

Қайрат Ахметов Сингапурдегі турнирде жапониялық Даичи Тенакамен үш сынасады. Күншығыс елінің өкілі осы күнге дейін 15 кездесу өткізіп, 12 рет жеңіске жетті. Екі рет ұтылып, тағы бір бәсекеде тең есеп тіркелді.

Соңғы жаңалықтар

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Монакодан ұтылды

Теннис • Бүгін, 07:55