17 Наурыз, 2010

МАҚСАТ – ӘЛЕМДІК СТАНДАРТТАРҒА СӘЙКЕСУ

623 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының атына Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтан хат келіп түсті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Онда үстіміздегі жылдың 11-12 наурызында Будапешт (Венгрия) және Вена (Австрия) қалаларында болып өткен Болон үдерісіне қатысушы мемлекеттер Білім министрлерінің ІІ форумында Қа­зақстан Республикасының Болон процесіне қатысу мәселелері тал­қыланғаны хабарланады. “Қазақстан Республикасын­да­ғы жоғары білім реформаларының оң қорытындыларын атап өте келіп, Болон процесіне қатысушы 46 ел Қазақстан Республикасының Еуропа жоғары білім аймағына енуіне бірауыздан дауыс берді. Қа­зақстан – Еуропа білім кеңістігіне толыққанды мүше болу құрметін иеленген тұңғыш орталықазиялық мемлекет”, – делінеді хатта. Министр сондай-ақ, Қазақ­стан­ның Болон процесіне қатысуы қазақстандық жоо-ларға отандық білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларын еуропалық стандарт­тарға сәйкестендіруге мүмкіндік туғызатынын жазады. Демек, Қазақстанның жоғары білім туралы дипломдары Еуропада конверттеліп, қазақстандық жас мамандар  өңірдегі кез келген елде жұмысқа тұру құқына ие болады. “...Халықаралық білім кеңіс­тігіне қозғалысты жүзеге асыру­дағы басты мақсат – қазақ­стандық жо­ғары білімді әлемдік стандарттарға сәйкестендіруді қам­тамасыз ету”, – делінеді хат­тың қорытындысында.
Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37