Аймақтар • 01 Қазан, 2018

Құтқарушылар жылу құбырына қысылып қалған баланы құтқарды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 жасар жасөспірім Қызылорда қаласының Ақмешіт мөлтек ауданындағы жылу құбырларының арасында қысылып қалды. Оқиға 30 қыркүйек күні  болған.

Құтқарушылар жылу құбырына қысылып қалған баланы құтқарды

Ойын кезінде 10 жасар жасөспірім достарымен жылу магистралі құбырларының арасына сүрініп құлап, қысылып қалған. Достарының айтуы бойынша, ол кездейсоқ сүрініп, екі құбырдың арасына түсіп кеткенін айтты. Достары өз күштерімен оны шығара алмаған.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына жедел шығып, жағдайды анықтап арнайы гидравликалық авариялық-құтқару құрал жабдықтарының көмегімен екі  жылу құбырдың арасын кеңейтіп баланы шығарып алды. Бақытымызға орай, бала жарақат алған жоқ, оған медициналық көмек қажет болмады. Құтқарушылар оқушы баланы анасына тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37