Әзірге кінәлі деп танылып отырған айыпкер өзінің қызметтік автокөлігінде 100 мың теңге пара алған кезінде ұсталыпты. Яғни қалта телефонына қатысты қылмысты бүркемелеп қалу үшін толығымен барлығы 300 мың теңге сұраған.
-Бұл оқиғаның орын алу себебі, Затон аудандық плиция бөлімінде басшылық тарапынан қадағалаудың болмауы,-деп түсіндірді сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ауданаралық басқарма бастығының Семей өңірі бойынша орынбасары Бақытжан Өтепов,-бұл сыбайластыққа орай тіркелген жалғыз факті емес, өткен жылдың өзінде Семейде 97 қылмыс тіркелсе, оның 30-ын полицейлер жасап отыр. Сыбайлас жемқорлық қылмысының үштен бірі полиция қызметкерлерінің еншісінде. Мәселен, Семей қалалық ішкі істер басқармасы жол-патруль жасағының бірнеше қызметкері 20 мың теңге пара алған кездерінде ұсталды. Ал 2018 жылдың алғашқы жартысында-ақ, сыбайлас жемқорлыққа орай тәртіп сақшыларының арасында 17 қылмыстық іс тіркеліп отыр.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,
Суретті түсірген автор
Семей.