Осы күні Жаңаталап ауылында 630 тұрғын тіршілік етеді, оның ішінде 523 ересек және 80 бала тіркелген. Бұған дейін ауыл тұрғындары медициналық көмекті алу үшін аудан орталығына баруға мәжбүр болатын. Жаңа медициналық пункттің ашылуы бұл мәселені түбегейлі шешіп отыр.
Ақтоғай ауданында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді
Салтанатты ашылу рәсімінде денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов бұл күннің ауыл халқы үшін ерекше маңызды оқиға екенін атап өтті.
«Бұл медициналық пункт ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмекті жедел әрі сапалы көрсетуге мүмкіндік береді және аудан орталығына бару қажеттілігін айтарлықтай азайтады. Ауыл халқының денсаулығына қолжетімділікті арттыру – біздің басты мақсаттарымыздың бірі», деді.
Медициналық пунктте алғашқы медициналық‑санитарлық көмек көрсету, профилактикалық тексерулер жүргізу, екпе шаралары, ана мен бала денсаулығын бақылау, созылмалы аурулары бар науқастарды диспансерлік есепке алу сияқты қызметтер көрсетіледі. Пункт заманауи медициналық құрал‑жабдықтармен толық жабдықталған және бір орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді.
Бегалы ауылында қайтарылған активтер есебінен медициналық пункт салынды