Баспасөз конференциясының басты тақырыбы қала қонақтары мен тұрғындарының такси жолаушыларына қызмет көрсету сапасына байланысты үндеулері болды.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 12 сәуірінде такси автомобильдерінің жаңа эскизі және жүргізушілердің формалық киім үлгісі бекітілді. Бүгінгі күні 14 таксомоторлық компания Жолаушылар көлігі басқармасымен шарт жасасты. Ол шамамен 500 автокөлік.
Атап кеткен жөн, ҚР «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 26-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар такси тасымалдаушы ретінде қызмет көрсетудің алдында жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының «Рұқсат және хабарлама туралы» Заңымен белгіленген тәртіпте қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Осыдан кейін, ҚР Үкіметінің Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар елордада жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасымен шарт жасасуы қажет. Содан кейін басқармамен әр көлік құралына куәлік беріледі.
Мамандар атап өткендей, заңсыз такси тасымалдаушыларының көліктері қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайда және көп бөлігі тоқсаныншы жылдан бері қолданыста. Барлық дерлік заңсыз тасымалдаушылар жолаушылар тасымалын «тапсырыс» түрінде жүзеге асырады.
Жоғары пайда табу мақсатында заңсыз тасымалдаушы барлығында үнемдейді: сапар алдындағы жүргізушілердің медициналық тексерісі жоқ; жылжымалы құрамның тиісті техникалық тексерісі жоқ; көліктің Жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережелерінің талаптарына сәйкес келмеуі.
Аталған барлық қауіп заңсыз қызметті қолданатын жолаушырлаға жүктеледі.
Сонымен бірге бекітілген негізде сақтандыру полистері және тасымалдаушының жолаушы алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шарты болмайды, сондай-ақ рұқсат беруші құжаттар мен келісімдер.
Заңсыз такси қызметтерін қолданылатын азаматтар өздерінің өмірлері мен денсаулығын қатерге төндіреді, себебі, заңсыз жүргізушілер пайда табу мақсатында жиі түрде жол жүру ережелерін бұзады, жылдамдық режимін сақтамайды, бұл, жиі жол-көлік оқиғаларына әкеледі, нәтижесінде жолаушылар жарақат алып, қазалы жағдайлар болуы мүмкін.
Аталған заңсыз такси қызметі адал тасымалдаушылардың абыройы мен беделін түсіреді, себебі, көп жағдайда қызметті тұтынушы кімнің қызметін қолданғанын білмейді және түсінбейді. Соңғы кезде жиілеп кеткен қылмыстық және алаяқтық сипаттағы оқиғаларға қоғам көбінесе жалпы түрде «таксисттер» деп қарайды.
Осы мәселені реттеу мақсатында 12 қыркүйектен 11 қазанға дейін автокөлік құралдары жүргізушілерінің заңсыз қызмет көрсетуін алдын-алу бойынша жедел профилактикалық іс-шаралар өткізу жоспарланған.
Жергілікті полиция қызметі және Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлерімен ҚР заңнамасымен қарастырылған талаптардың (бірыңғай түс гаммасы, автокөліктің санитарлық және техникалық жағдайы, рұқсат беруші құжаттардың бар болуы) сақталуын қадағалау жүргізіледі.
Және тексеріске такси ақпараттық-диспетчерлік қызметтері тартылады.
ҚР «Автомобиль көлігі туралы» Заңына сәйкес такси ақпараттық-диспетчерлік қызметтері ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету бойынша такси тасымалдаушыларының реестіріне тіркелген такси тасымалдаушыларымен шарт жасасады.
Бүгінде Астана қаласында көптеген заңсыз ақпараттық-диспетчерлік қызметтер жұмыс атқарады. Диспетчерлік қызметтер реестрінде екі қызмет тіркелген. Ол – «Astana taxi» және «01 өңір», олар өздерінің қызметтерін заңды негізде жүзеге асыра алады.
Бірақ, аталған екі ақпараттық-диспетчерлік қызметтердің тек «Astana taxi» қызметі заңнама талаптарына сәйкес келеді.