Аймақтар • Кеше

Ұлытауда «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп халықты тақырға отырғызғандар ұсталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысында жұмыс іздеген азаматтардың сеніміне кіріп, қалтасын қаққан алаяқтардың әрекеті әшкере болды. Өңірдің өндірістік алыбы – «Қазақмыс» корпорациясына жұмысқа орналастырамын деген жалған уәдеге сенген тұрғындар миллиондаған теңгесінен айырылып, бармақ тістеп қалды, деп жазады Egemen.kz.

Ұлытауда «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп халықты тақырға отырғызғандар ұсталды

Қазіргі таңда Ұлытау облысының құқық қорғау органдары осы фактілер бойынша 9 қылмыстық істі тергеп жатыр. Оның ішінде 6 іс сотқа жолданды.

125 млн теңге: Түркістанда 21 адамды алдаған қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді

Алаяқтардың құрығына ілінгендердің жалпы материалдық шығыны 16 миллион теңгеден асып жығылған.

«Алаяқтар жұмысқа орналастырамын деп алдын ала ақша алған. Алайда берген уәделерін орындамай, азаматтарға материалдық шығын келтірген», деп хабарлады Ұлытау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары кез келген ұйымға жұмысқа тұру тек ресми түрде, кадр қызметі арқылы ғана жүзеге асырылатынын қатаң ескертеді.

«Күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және жеке қаражатыңызды үшінші тұлғаларға бермеуге кеңес береміз. Егер алаяқтық фактілерге тап болсаңыздар, дереу полицияға хабарласыңыздар», дейді полицейлер.

«Салық жүйесінде қайта тіркелу керек»: Алаяқтарға сенген ақтөбелік 12 млн теңгесінен айырылды

Соңғы жаңалықтар