Қытайдың Паньцзин қаласында өткен Азия чемпионатына 22 елден 300 шахматшы қатысты. Мектеп оқушылары арасындағы құрлықтық біріншілікте отандасымыз 7 жасқа дейінгі балалар арасында бақ сынап, үздік үштікке кіріп, болашағынан зор үміт күттіретін спортшыларымыздың қатарынан көрінді.