Мектеп – оқушының екінші отбасы. Білім ұясының бала тәрбиесіндегі орны ерекше. Десек те, бүгінде ата-аналар мен ұстаздар арасындағы көптеген келіспеушілік баланың қоғамдағы рөліне қатысты туындап отыр.
Мектеп оқушылары тарапынан қоғамда қандай да бір келеңсіздік орын алатын болса, ең бірінші «таяқ» сынып жетекшісіне, яки ұстазға тиеді. Ата-ана жауапкершілігі содан кейін сұралады. Осы әрекет дұрыс па, бұрыс па? Тақырыпқа тереңінен үңіліп жатқан ешкім жоқ. Мәселен, бала таңертеңнен түске дейін мектепте сабаққа қатысты делік. Бұл шамамен баланың 5-6 сағат уақытын алады. Ұйқы нормасын 7-8 сағат көлемінде деп қарастырсақ, тәуліктің 10 сағатқа жуық мерзімі ата-ананың жауапкершілігінде. Яғни, дәріс барысында мұғалім оқушыға теориялық білім берсе, бұл білімді өмірмен ұштастыру, баланың бойына сіңіру отбасындағы тәлім-тәрбиеге тікелей байланысты. Отбасында сыйластық, қамқорлық түсінігі жөнінде жібі түзу әңгіме естімеген балалар көбіне ызақор, менмен, өзімшіл келеді. Салдарынан оның замандастарымен арақатынасы қиындайды.
Мұндайда ата-ана мен ұстаздар қауымының бірлесіп жұмыс істеуі өте маңызды. Яғни әрбір педагог психолог болуы керек. Ол оқушының сөйлеу мәнері, сыныптастарымен қарым-қатынасынан-ақ тәртібі мен тәрбиесін болжап отыруы тиіс. Мұғалім оқушыдан көңіліне қонбайтын, кереғар әдетті байқай қалса, жедел түрде ата-анасымен байланысып дер кезінде әрекет етсе, кез келген келеңсіздіктің алдын алуға болады. Бұл тиісінше баланың оң мен солын ажыратып, дұрыс жолға түсуіне көмектесері хақ. Осындай келеңсіздіктерді болдырмай, білім мен тәрбиені ұштастыра білетін білім ордасының бірі Өскемен қаласындағы «Білім» инновация лицейі. Төрт тілде тереңдетіп оқылатын білім ұясында ұстаздар әр баланың дәрісті қабылдау деңгейіне қарай жұмыс істейді. Ал сынып жетекшілері мен тәрбиешілері баланың өзін өзі ұстауы мен жатақханадағы іс-әрекеттеріне қарай тәрбие жұмыстарын жүргізіп, ата-аналарымен жиі кездесіп отырады. Мұның өзі баланың тиянақты білім алуына, болашағына межелі мақсат қойып, оған жету жолында еңбектенуіне негіз қалайды.
Бала – жас шыбық. Бағбан шыбықтың түзу өсуін қадағалайды. «Тәрбие басы – тал бесік» демекші, кез келген шыбықтың бойына берілетін қуат тамыры арқылы тарайды. Яғни, тәрбиенің де отбасынан бастау алатыны анық.
Бақытгүл БЕКЕЙ,
Өскемен қаласындағы
«Білім» инновация лицейінің кітапханашысы

«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан бір топ азаматты марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47