Фото: Ашық дереккөз
Иран тарапының мәліметінше, тәркіленген кемелердің бірі – Epaminondas АҚШ әскери күштерімен тығыз ынтымақтастықта болса, екіншісі – MSC-Francesca Израильмен тікелей байланысты. Қазіргі уақытта екі кеме де Иранның аумақтық суларына жеткізілген.
Бұл оқиға АҚШ Әскери-теңіз күштерінің Ормұз бұғазындағы бақылауды күшейтуінен кейін болды. Естеріңізге сала кетейік, 13 сәуірден бастап Вашингтон бұғаз арқылы өтетін кемелердің қозғалысын қатаң қадағалауға алған болатын.
Ақ үй Иранмен байланысы жоқ кемелерге еркін өтуге рұқсат берілгенін айтқанымен, басты шарт ретінде «Тегеранға төлем жасамауды» қойған. Ал Иран билігі ресми түрде жарияламаса да, бұл бұғаз арқылы өтетін кемелерден төлем алу жоспары бар екенін аңғартқан еді.