Жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлемнің жаңа чемпионы Жанат Жақиянов америкалық боксшы Роуши Уорренге қарсы жекпе-жегі жайлы пікір білдірді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
«Кездесудің соңына таман жеңіске лайық екенімді білдім. Дегенмен, АҚШ-та өтіп жатқандықтан, төрешілердің бүйрегі Уорренге бұрып кете ме деген де ой болды. Осыдан болар төреші қолымды көтергенде аздап таң қалдым. Жекпе-жек мен үшін оңай болмағанын көрдіңіздер. Небәрі бірінші раундта-ақ жойқын соққыларынан есеңгіреп қалдым. Бірақ есімді тез жиып, қалған раундтарда мықтырақ болдым», - деді Жақиянов.
«Нокдаун алғаннан кейін іштей қобалжыған сәттерім де болды. Бірақ Рикки Хаттонның (Жақияновтың бапкері) тәжірибелілігі үлкен рөл атқарды. Сабыр сақтап, жіберген қателіктерімді айтты. Жақынырақ барып, шабуылдарымды үдеткенімде Уорренннің шаршағанын байқадым», - деді жаңа чемпион.
Айта кетейік, Жанат АҚШ-та алғашқы айқасын өткізді. 12 раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Давид Алаба «Реал» клубымен қош айтысты
Спорт • Бүгін, 00:57
Соңғы 24 сағатта Ормуз бұғазынан 31 кеме өтті
Әлем • Бүгін, 00:22
Қазақстан аусыл ауруынан таза мемлекет атанды
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Қазақстан 11,7 млн тонна астық пен астық есебіндегі ұн экспорттады
Экономика • Кеше
Қазақстанда әуе таксиіне арналған алты порт салынады
Қоғам • Кеше