Франция астанасы Париж қаласында лаңкестік шабуыл ұйымдастырмақ болған төрт адам ұсталды. Оның ішінде 16 жастағы жасөспірім қыз да бар. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
21, 27 және 34 жастағы үш ер адам және 16 жастағы қыз қолға түсті. Бойжеткеннің Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстар аймағына кеткісі келіп жүргені полицияға белгілі болған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, олар «Париждің туристік аймағында» жанкешті белбеуін қолдану арқылы лаңкестік актіні дайындаған. Күдіктілер жарылғыш зат әзірлейтін шағын зертхана жасаған.
Тінту барысында 71 грамдық ацетон пероксиді (TATP) – үй жағдайында оңай дайындалатын жарылғыш зат пен оның құрамдауыштары табылды. Дәл осы затты жанкешті-лаңкестер 2015 жылдың қараша айында Парижде болған теракті кезінде қолданған болатын.

Давид Алаба «Реал» клубымен қош айтысты
Спорт • Бүгін, 00:57
Соңғы 24 сағатта Ормуз бұғазынан 31 кеме өтті
Әлем • Бүгін, 00:22
Қазақстан аусыл ауруынан таза мемлекет атанды
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Қазақстан 11,7 млн тонна астық пен астық есебіндегі ұн экспорттады
Экономика • Кеше
Қазақстанда әуе таксиіне арналған алты порт салынады
Қоғам • Кеше