Жеңіл атлетикадан Ольга Рыпакова Қазақстан чемпионы атанды. Ұзындыққа секіру сайысында жарыс жолына шыққан ол бірінші орын алды. Оның алты рет секірген мүмкіндігінің ішінде 6 метр 44 сантиметр көрсеткіші ең үздік нәтиже болды.
Жабық кешендегі Қазақстан біріншілігі бүгін, яғни 10 ақпанда басталып, үш күнге созылады.
Айта кетейік, 2012 жылы Рыпакова Лондонда өткен Олимпиадада алтын жүлдеге қол жеткізген. Сондай-ақ, былтыр Риода қола медаль еншілеген.
Ал 2008 жылы Бейжіңде өткен додада қола жүлде алған еді. Бірақ кейін бұл сында күміс алған ресейлік Татьяна Лебедева допинг дауына ілігіп, оның күмісі біздің отандасымызға берілді.

Давид Алаба «Реал» клубымен қош айтысты
Спорт • Бүгін, 00:57
Соңғы 24 сағатта Ормуз бұғазынан 31 кеме өтті
Әлем • Бүгін, 00:22
Қазақстан аусыл ауруынан таза мемлекет атанды
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Қазақстан 11,7 млн тонна астық пен астық есебіндегі ұн экспорттады
Экономика • Кеше
Қазақстанда әуе таксиіне арналған алты порт салынады
Қоғам • Кеше