Қазақстанда Әкімшілік кодекс ізгілендіріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Марат Бекетаев мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат. Оның айтуынша, қазіргі уақытта министрлік мемлекеттік мүдделі органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеген.
«Аталған заң жобасында әкімшілік құқық бұзушылықтың 150-ден аса құрамы бойынша айыппұл санкциясының мөлшерін азайту, санкциясы ескерту түріндегі әкімшілік жазаны көздейтін баптарды көбейту, жеңілдететін мән-жағдай анықталған кезде сотқа, органға лауазымды және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік айыппұлдың сомасын 30 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін нормаларды қолдану, тоқтата тұруға негіз болып табылатын бұзушылықтарды жойған кезде рұқсат беру іс-әрекетін мерзімінен бұрын қайта жаңғырту тәртібін регламенттеу ұсынылған», - деді Бекетаев.
Сонымен қатар Бекетаевтың атап өтуінше, Әділет министрлігі ҚР Президентінің мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру жөніндегі тапсырмасын жоспарлы түрде орындауда.

Давид Алаба «Реал» клубымен қош айтысты
Спорт • Бүгін, 00:57
Соңғы 24 сағатта Ормуз бұғазынан 31 кеме өтті
Әлем • Бүгін, 00:22
Қазақстан аусыл ауруынан таза мемлекет атанды
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Қазақстан 11,7 млн тонна астық пен астық есебіндегі ұн экспорттады
Экономика • Кеше
Қазақстанда әуе таксиіне арналған алты порт салынады
Қоғам • Кеше