«Барселона» футбол клубының шабуылшысы Луис Суарес Испания Кубогының жартылай финалындағы кездесуден соң төрешілердің әділетсіздігіне наразылығын білдірген болатын.
Испания футбол федерациясы көк-анарлы түсті команданың «Атлетикоға» қарсы матчта Суарестің алаңнан қуылуына байланысты жасаған арызын қабыл алған жоқ. Қайта финалдық кездесуінің үстіне тағы бір ойыннан шеттету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы football.ua хабарлайды.
Бұл матчта 30-жастағы футболшы «Атлетико» қақпасына бір гол соғып, клубының ақтық сынға жолдама алуына септігін тигізген. Алайда, ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда екінші ескерту қағазын алып, алаңнан қуылды.
Осыған байланысты Испания футбол федерациясы уругвайлық футболшыны 2 матчқа қатыстырмау туралы шешім шығарды. Луис Суарес жаңа шешімге сәйкес, ел Кубогының финалына және келер маусымдағы алғашқы кубоктық матчқа қатыса алмайды.

Давид Алаба «Реал» клубымен қош айтысты
Спорт • Бүгін, 00:57
Соңғы 24 сағатта Ормуз бұғазынан 31 кеме өтті
Әлем • Бүгін, 00:22
Қазақстан аусыл ауруынан таза мемлекет атанды
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Қазақстан 11,7 млн тонна астық пен астық есебіндегі ұн экспорттады
Экономика • Кеше
Қазақстанда әуе таксиіне арналған алты порт салынады
Қоғам • Кеше