Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады. Ведомство басшысы Президентке энергетика саласын дамытудың басты көрсеткіштері және осы сектордағы жобаларды одан әрі жаңғырту жоспарлары туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Кездесу барысында Елбасы энергетикалық шикізат өндіру және қайта өңдеу саласындағы жобаларды іске асыру қажеттігіне назар аударды.
"Қашағанда мұнай өндіру жұмыстары басталды. Теңіз кен орнының аясын кеңейту туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, Қарашығанаққа қатысты мәселе шешімін тапты. Осыған байланысты мұнай өндіру және оны қайта өңдеу көлемін арттыру қажет. Бұл үшін біз мұнай өңдейтін үш зауытты қайта жаңғыртып жатырмыз," – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті газ өндіру, елді газдандыру жұмыстарын жүргізудің, Балқаш жылу электр стансасының құрылысына қатысты мәселелерді шешудің, сондай-ақ энергетика саласындағы нысандарды жекешелендірудің маңыздылығын атап өтті.
Энергетика министрі энергия ресурстарын өндіру жөніндегі жоспардың жекелеген көрсеткіштер бойынша артығымен орындалғаны, сондай-ақ 2016 жылдың қорытындысы бойынша мұнай экспорты артқаны туралы хабарлады.
"Мұнайды өндіру жоспары 75,5 миллион тонна болса, өндірілген мұнайдың нақты көлемі 78 миллион тоннаға жетті. Қашағандағы мұнай өндірісі есебінен жоспардың артығымен орындалғаны байқалады, онда былтыр 1 миллион тоннаға жуық мұнай алынды. Мұнай экспортын 62 миллион тоннаға дейін арттырдық, оның 40 миллион тоннасы Каспий құбыр консорциумы арқылы тасымалданды. Мемлекет қолдауының арқасында алғаш рет 325 мың тонна битум қайта өңделді. Сұйық газ өндірісінің көлемі 136 тоннаға артты," – деді Қ.Бозымбаев.
Сонымен бірге Энергетика министрі Мемлекет басшысына өндірушілер мен трейдерлер арасындағы келісім нәтижесінде автожүргізушілер қажеттілігі үшін жеткізілетін сұйық газ көлемін арттыру, электр энергиясын экспорттау жағдайы, геологиялық барлау жұмыстарын күшейту жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ тұтыну нарығындағы күрделі конъюнктураға байланысты уран өндіру көлемін азайту преспективалары туралы баяндады.
Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Телефонға түсетін қысқа қоңырауларға тиым салынады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Астанада екі пәтерде есірткінің бірнеше түрін сақтаған азамат ұсталды
Қоғам • Бүгін, 09:13
Доллар, еуро, рубль: Бүгін валюта бағамы қандай?
Экономика • Бүгін, 08:11
«Қар, бұршақ, тұман». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 07:49
Давид Алаба «Реал» клубымен қош айтысты
Спорт • Бүгін, 00:57
Соңғы 24 сағатта Ормуз бұғазынан 31 кеме өтті
Әлем • Бүгін, 00:22
Қазақстан аусыл ауруынан таза мемлекет атанды
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Қазақстан 11,7 млн тонна астық пен астық есебіндегі ұн экспорттады
Экономика • Кеше
Қазақстанда әуе таксиіне арналған алты порт салынады
Қоғам • Кеше