ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Дәурен Абаев 2017 жылы мемлекеттік баспа ақпарат құралдарының алдында тұрған бірқатар міндеттерге тоқталды.
«Ең алдымен сараптамаға, талдау материалдарына көптеп орын беруі қажет. Өздеріңіз түсінесіздер, бүгінгі күні өте тез ақпарат таратылады. Сондықтан сол ақпараттар мазмұны мен сараптамасына сай болуы тиіс. Тағы бір міндет - шетелдерден фрилансерлер тарту жолдарын қарастыру қажет. Сонымен бірге шетелдің талдаушы мамандар пулы мүмкіндігін мейлінше тиімді пайдалану қажет», - деп атап өтті Абаев.
Сонымен қатар ол бірнеше басылымның басын қосып отырған «Қазақ газеттері» мен «Жас өркеннің» басшылығына да маңызды міндет жүктелетіндігін айтты. «Олар: өңірлермен жұмысты күшейту, «Дружная ребята» және «Ұлан» газеттерін бүгінгі оқырманның талабы мен балалардың сұранысына сай бейімдеу, интернетте жұмысты күшейту, оның ішінде редизайн жүргізу, әлеуметтік желілерде оқырманды ұлғайту», - деді министр.
«Баспа басылымдарын дамыту жұмыстары шеңберінде 2016 жылы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттеріне редизайн жасалды. Қазіргі күні бұл газеттер толықтай түрлі-түсті форматта жарық көруде. Басылымдардың бет-бейнесі заманға сай өзгертіліп, сонымен қатар, сайттары да жаңғыртудан өткізілді», - деді ол.

Телефонға түсетін қысқа қоңырауларға тиым салынады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Астанада екі пәтерде есірткінің бірнеше түрін сақтаған азамат ұсталды
Қоғам • Бүгін, 09:13
Доллар, еуро, рубль: Бүгін валюта бағамы қандай?
Экономика • Бүгін, 08:11
«Қар, бұршақ, тұман». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 07:49
Давид Алаба «Реал» клубымен қош айтысты
Спорт • Бүгін, 00:57
Соңғы 24 сағатта Ормуз бұғазынан 31 кеме өтті
Әлем • Бүгін, 00:22
Қазақстан аусыл ауруынан таза мемлекет атанды
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Қазақстан 11,7 млн тонна астық пен астық есебіндегі ұн экспорттады
Экономика • Кеше
Қазақстанда әуе таксиіне арналған алты порт салынады
Қоғам • Кеше