Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный мырзамен кездесіп, ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі ынтымақтастық меморандумға қол қойды.
Кездесуде балалалардың тең мүмкіндіктер алуға құқығы, отбасы денсаулығын нығайту және әлеуметтік қолдау сияқты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, 2016-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ Балалар Қоры арасындағы ынтымақтастық жоспары шеңберінде денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы ынтымақтастық бағыттары жөнінде пікір алмасылды.
«Оңтүстік Қазақстан облысы туу көрсеткіші бойынша елімізде көш бастап тұрған өңір. Республикада туылған әрбір бесінші бала Күнгейде дүниеге келеді. Біздің аймақ жастарының көптігімен де ерекше облыс. Бүгінгі түзілген меморандум әлеуметтік қорғау салалары сынды маңызды бағыттардың мәселесін шешуге, сәйкесінше, балалар құқығының қорғалуына мұрындық болады деген үміттемін», - деді Жансейіт Түймебаев.
Аталған ынтымақтастық құжаты аясында өңіріміздегі ана мен бала өлімін азайту, кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында суицидке жол бермеу, балалардың жағдайын жақсарту мен құқықтарын қамтамасыз ету, балалар еңбегін қанаудың алдын алу, жетім қалған балаларға отбасы тәрбиесінің баламалы түрлерін енгізу, мүгедек балаларды айрықша қажетті заттармен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жоспарланған. Сондай-ақ, отбасы мен қоғамның әлеуетін нығайту, әлеуметтік және басқару саясатын әзірлеу де қарастырылған.
Өз кезегінде, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілі Юрий Оксамитный мырза Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.
«Біздің ынтымақтастығымыздың негізгі мақсаты – Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалардың жағдайын жақсарту мен құқықтарын қамтамасыз ету, балалар еңбегін қанаудың алдын алу, ана мен балаға қолдау көрсетіп, олардың құқықтарын қорғауды іске асыру болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстарды нығайту және ілгерілету жолында бірлесе жұмыс істеуге ниеттіміз», - деді Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Юрий Оксамитный.
Айта кету керек, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) әр баланың құқығын жүзеге асыратын бейбітшілік құру ісіндегі жетекші ұйым болып табылады. Аталған қор әлемнің 190 елінде қызмет етеді.

Париждегі Эйфель мұнарасының бір бөлігі 450 мың еуроға сатылды
Әлем • Бүгін, 12:30
Астана аспанында жойғыш ұшақтардың көрсетілімі өтеді
Әскер • Бүгін, 12:15
Азия чемпионатына Қазақстан құрамасын Ризабек Айтмұхан бастап барады
Спорт • Бүгін, 12:00
Жапонияға ай сайын 100 бас жылқыны тірідей жөнелту жоспарланып отыр
Экономика • Бүгін, 11:45
Келісім ұзартылды: «Барыс» хоккей клубы америкалық Райли Уолшқа қанша ақша төлейді
Спорт • Бүгін, 11:20
Лисаков қаласында Құрманғазы оркестрінің «Халық әуені» концерті өтті
Руханият • Бүгін, 11:14
Ақмола облысында 20 мың ангусқа арналған ет фермасы салынады
Экономика • Бүгін, 10:50
Атырауда «Шеберфест-2026» фестивалінде 4000-нан астам авторлық жұмыстар ұсынылды
Руханият • Бүгін, 10:27
Жүргізуші, сақ бол: Жолда бұлан бар
Қоғам • Бүгін, 10:22
Астанада Еуразиялық экономикалық форум өтеді
Экономика • Бүгін, 09:59
Телефонға түсетін қысқа қоңырауларға тиым салынады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Астанада екі пәтерде есірткінің бірнеше түрін сақтаған азамат ұсталды
Қоғам • Бүгін, 09:13
Доллар, еуро, рубль: Бүгін валюта бағамы қандай?
Экономика • Бүгін, 08:11
«Қар, бұршақ, тұман». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 07:49
Давид Алаба «Реал» клубымен қош айтысты
Спорт • Бүгін, 00:57