Елордадағы Ұлттық музейде өткен «Елбасының Үндеуі – жаңарудың жаңа қадамы» атты дөңгелек үстелде мемлекет және қоғам қайраткерлері, тарихшы ғалымдар мен мәдениет саласы өкілдері Үндеуге байланысты ойларын ортаға салды.
Дөңгелек үстелде республикалық Ардагерлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев Жолдаудағы бес басымдықтың ішінде ең алдымен адам факторы, адами капитал мәселесіне назар аударды. Ұлтымызға тән ең жақсы қасиеттерді дамытып, тереңнен насихаттай алғанда қоғамда орын алған көптеген теріс әрекеттердің жойылатынына мән берді. Екіншіден, жас ұрпақтың еңбекке деген көзқарасын өзгерту керек деген ойын айтты. Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, әсіресе, жастардың өз шаруасын өзі істемей, жалдамалы жұмысшыларға істететіндеріне қынжылды. Үшіншіден, «Болашақ» бағдарламасы бойынша осы уақытқа дейін оқығандардың көбі дипломат, экономист мамандықтарына басымдық бергенін айтып, ендігі жерде техника, IT технология мамандықтарына басымдық берілсе деген пікірін білдірді.
Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркіт Аяған Үндеудің негізгі идеясы ретінде биліктің бір бөлігін халыққа қайтаруды атады. Саяси билік жүйесі өзгерген кезде қоғамда да, халықтың психологиясында да өзгерістер болатынын әңгіме етті. Бұл өзгеріс үкіметтік емес ұйымдардың, партиялардың күшеюіне алып келетінін, ол өз кезегінде билікте мықты жүйе қалыптастыратынын баяндады. «Сіздер білесіздер ме, Екінші дүниежүзілік соғыста Ұлыбританияның қанша солдат жоғалтқанын. Білмейтін болуларыңыз мүмкін. Кеңес Одағынан сол соғыста 28 миллион адам қаза тапқанын көбі біледі. Ал, жеті жыл бойы соғысқа қатысқан ағылшындардан 340 мың азамат ажал құшқан. Бұл салыстырмалы түрде өте аз», деген Бүркіт Аяған ағылшын үкіметінің халық алдында жауапкершілігі жоғары болғанын, солдаттарды жауып тұрған оққа айдамағанын айта келіп, билікке бақылау болса, халық алдында жауапкершілігі жоғары болатынын жеткізді.
Дөңгелек үстелде негізінен адам капиталы, заманауи технологияны дамыту, кәсіпкерлік мәселелері талқыланды. Қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның, Ауыл шаруашылығы министрлігінің маманы, ғалым Бейсен Ахметұлының, басқа да азаматтардың пікірлері тыңдалып, талқыға салынды.
Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан»

Қазақстанда алғаш рет құтқарушыларға арналған демалыс кешені салынып жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:43
Алматыда алғаш рет түнгі велошеруі өтеді
Спорт • Бүгін, 13:25
Қытайдағы көмір шахтасында газ жарылып, 90 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 13:04
Астана аспанында жойғыш ұшақтардың көрсетілімі өтеді
Әскер • Бүгін, 12:15
Азия чемпионатына Қазақстан құрамасын Ризабек Айтмұхан бастап барады
Спорт • Бүгін, 12:00
Жапонияға ай сайын 100 бас жылқыны тірідей жөнелту жоспарланып отыр
Экономика • Бүгін, 11:45
Келісім ұзартылды: «Барыс» хоккей клубы америкалық Райли Уолшқа қанша ақша төлейді
Спорт • Бүгін, 11:20
Лисаков қаласында Құрманғазы оркестрінің «Халық әуені» концерті өтті
Руханият • Бүгін, 11:14
Ақмола облысында 20 мың ангусқа арналған ет фермасы салынады
Экономика • Бүгін, 10:50
Атырауда «Шеберфест-2026» фестивалінде 4000-нан астам авторлық жұмыстар ұсынылды
Руханият • Бүгін, 10:27
Жүргізуші, сақ бол: Жолда бұлан бар
Қоғам • Бүгін, 10:22
Астанада Еуразиялық экономикалық форум өтеді
Экономика • Бүгін, 09:59
Телефонға түсетін қысқа қоңырауларға тиым салынады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Астанада екі пәтерде есірткінің бірнеше түрін сақтаған азамат ұсталды
Қоғам • Бүгін, 09:13