ҚР ІІМ әлеуметтік желілерде таралған «суицид ойыны» үшін қабылданған шаралар жайлы хабарлады. Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Саудбаев қазіргі уақытта әлеуметтік желілердегі өлімге апаратын топтарды анықтау мақсатында мониторинг жүргізіліп жатқанын айтты.
«Соңғы кездерде ғаламторда өзіне-өзі қол жұмсауды үгіттейтін «Көк кит» («Синий кит»), «Тыныш үй» («Тихий дом») атты топтар жылдам таралып кетті. Жасөспірімдерді қызықтыру үшін алдымен ойынға кіруді ұсынады, бұл ойынның соңы өліммен аяқталады екен. Ал оның модераторлары жаңадан тіркелген адам жайлы бүкіл мәліметті біліп, психологиясына кері әсерін тигізетін тұстарын қолданады. Бұл әрекеттер Қылмыстық кодекстің 105-бабы, 3-тармағы бойынша жазаға тартылады.
ҚР ІІМ мәліметі бойынша 2016 жылы кәмелетке толмағандарды өлімге итермелеу әрекеті бойынша 9 қылмыстық іс анықталған. Алайда, олардың арасында әлеуметтік желілер арқылы суицидке апаратын жайттар тіркелмеген.
«Әлеуметтік желілер өзге елдердің техникалық алаңында орналасқандықтан, біздің қолымызда тек заңға қайшы келетін топтарға шектеу қою ғана келеді. Суицид оқиғаларының алдын алу үшін әрбір ата-ана баланың виртуалды өмірін қадағалауы тиіс, сондай-ақ теріс әрекеттер байқалған жағдайда полиция қызметкерлеріне хабарласып, істі толығымен баяндауы керек. Осы арқылы тиісті шаралар қабыладанады», – деді Алмас Саудбаев.
Бұған дейін «Отбасын қолдау және отбасылық құндылықтар бойынша қазақстандық ата-аналар қауымдастығы» жеткіншектерді аталмыш ойындарға тіркелудің алдын алуға шақырған болатын.
Айта кетейік, «Синий кит» тобы арқылы жаңадан пайда болған ойындарға тіркелуді шақырады. Оның шарты бойынша әрбір қатысушы 50 тапсырманы орындауы тиіс. Алдымен, қолына өткір затпен киттің суретін салуы керек. Ал ең соңында өзін өзі өлтіруі қажет. Бұл іс орындалмаған жағдайда ұйымдастырушылар оның жақындарына зиянын тигізетінін айтып қорқытады.

АҚШ пен Иран көліссөздері жалғасып жатыр
Әлем • Бүгін, 16:25
Қазақстан тағы бір спорт түрінен әлем чемпионатын қабылдайды
Спорт • Бүгін, 16:14
Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы мен Ардагерлер Кеңесі ұлттық ойынды дамытуға бірге кірісті
Руханият • Бүгін, 15:50
Қостанайда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты
Қоғам • Бүгін, 15:23
ДДҰ дабыл қақты: Конгодағы Эбола індетінен 177 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 15:05
Қостанайда саяжайдан өрт шықты
Қоғам • Бүгін, 14:41
Мемлекеттік күзет қызметі: Көктемде шақырылған сарбаздар ант қабылдады
Қоғам • Бүгін, 14:19
Ұлыбританияда TikTok пен YouTube желілері жасөспірімдер үшін қауіпті деп танылды
Әлем • Бүгін, 14:05
Қазақстанда алғаш рет құтқарушыларға арналған демалыс кешені салынып жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:43
Алматыда алғаш рет түнгі велошеруі өтеді
Спорт • Бүгін, 13:25
Қытайдағы көмір шахтасында газ жарылып, 90 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 13:04
Астана аспанында жойғыш ұшақтардың көрсетілімі өтеді
Әскер • Бүгін, 12:15
Азия чемпионатына Қазақстан құрамасын Ризабек Айтмұхан бастап барады
Спорт • Бүгін, 12:00
Жапонияға ай сайын 100 бас жылқыны тірідей жөнелту жоспарланып отыр
Экономика • Бүгін, 11:45